Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 29.09.2022 № 165/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 6–бабына, Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 145 бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың жиналу және пайда болу нормасын бекіту туралы" № 219/28 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3854 тіркелген, 2014 жылы 19 маусымда "Голос Экибастуза" газетінде, 2014 жылы 19 маусымда "Отарқа" газетінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы "Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1370 қаулысының" деген сөздермен сандар "Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 145 бұйрығының" деген сөздерімен және сандарымен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесі бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихат хатшысының | |
міндетін атқарушы | С. Рамазанов |