Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Куспеков |
Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 165/22 шешіміне қосымша |
Мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы № 219/28 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 болып тіркелген).
2. "Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың жиналу және пайда болу нормасын бекіту туралы" № 219/28 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 10 қарашадағы № 361/43 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4836 болып тіркелген).
3. "Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың жиналу және пайда болу нормасын бекіту туралы" № 219/28 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 12 қазандағы № 182/21 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5664 болып тіркелген).