Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың жиналу және пайда болу нормасын бекіту туралы" № 219/28 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 361/43 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда № 4836 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 165/22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 29.09.2022 № 165/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 6–бабына, Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 145 бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың жиналу және пайда болу нормасын бекіту туралы" № 219/28 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3854 тіркелген, 2014 жылы 19 маусымда "Голос Экибастуза" газетінде, 2014 жылы 19 маусымда "Отарқа" газетінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы "Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1370 қаулысының" деген сөздермен сандар "Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 145 бұйрығының" деген сөздерімен және сандарымен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесі бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысының
      міндетін атқарушы С. Рамазанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады