Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға арналған Ақтоғай ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) елу жастан асқан тұлғалар;
2) он екі ай және одан артық жұмыс істемейтін тұлғалар;
3) бірде-бір жұмыс істейтін адамы жоқ отбасынан жұмыссыз тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Батырғұжинов |