2016 жылға арналған Ақтоғай ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 346 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 қаңтарда № 4906 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 102-1 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 16.05.2016 № 102-1 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға арналған Ақтоғай ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) елу жастан асқан тұлғалар;
      2) он екі ай және одан артық жұмыс істемейтін тұлғалар;
      3) бірде-бір жұмыс істейтін адамы жоқ отбасынан жұмыссыз тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Батырғұжинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады