Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 07.09.2018 № 239/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Күлжан |
Баянауыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы " 13" ақпандағы № 34/2 қаулысымен бекітілді |
"Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет, тілдерді дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып келеді.
2. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі уәкілеттілігі шеңберінде өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа енеді.
6. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіпте өзінің құзыреттілігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де актілер және мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер шығарады.
8. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті іс-әрекеттегі заңдылыққа сәйкес бекітіледі.
9. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140300, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 47.
10. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма сағат 9-00-ден сағат 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
11. Мемлекеттік мекемесінің толық атауы:
Мемлекеттік тілде: "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел культуры и развития языков Баянаульского района".
12. Баянауыл ауданының әкімдігі мемлекет атынан "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
14. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қаржылық қызметі аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері болып табылатын кәсіпкерлік субъектілермен "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттерін орындау барысында келісімшарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілсе онда бұл қызметтерден түскен табыстар мемлекеттік бюджетке бағытталады.
2. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мисиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. Миссиясы: "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет, тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
17. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты аудандық деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту салаларындағы іс-шараларды іске асыру.
18. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні мәдениет, тілдерді дамыту кешенінің жұмысын ұйымдастыру, мониторингін жүргізу, үйлестіру мәселелерінде іс-шараларды аудандық деңгейде өткізу болып табылады.
19. Міндеттері:
1) аудандағы мәдениет, тілдерді дамыту облысында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мәдениеттік қызмет көрсетуде, мәдени құндылықтарды құру, қолдану және тарату шеңберінде аудан азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
3) қазақ және өзге де ұлттық мәдениеттің таралуын, дамытылуын, сақталуын және жандандырылуларын қамтамасыз ету;
4) тарихи-мәдени мұраны сақтау және оның сақталуы үшін жағдай жасау.
20. Функциялары:
1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
4) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
5) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
6) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
7) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
8) ауданның мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;
9) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;
10) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Құқығы мен міндеті:
1) Заңмен қойылған ретте өз қызметін орындау үшін мемлекеттік органдардан, қызметтегі тұлғалардан, өзге де кәспорындар мен азаматтардан талап етеді;
2) "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізуге қатысты сұрақтар бойынша ақпараттық-аналитикалық және өзгеде материалдар дайындауды жүзеге асыру, мәдениет, тілдерді дамыту саласында мемлекеттік орган қызметінің кәсіпорындарын жетілдіру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді;
3) жергілікті орындаушы органдар өткізетін шараларға қатысу;
4) "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзырына енетін аудандық бағдарламалардың қаржылануын жүзеге асыру;
5) мәдениет, тілдерді дамыту саласында кәсіпорындарға ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
6) қолданыстағы заңды актілермен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығы бірінші басшымен жүзеге асып, "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен олардың функцияларының орындалуына дербес жауапкершілікті жүргізеді.
23. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы лауазымға аудан әкімімен тағайындалады және босатылады.
24. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттілігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды және босатады;
2) өз құзыреттілігіне байланысты сұрақтары бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне міндетті түрде орындайтын тапсырмалар береді;
3) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан шығады;
4) құжат айналымын ұйымдастыруды, кадрлық қызмет жұмысын, орындаушы және еңбек тәртібін сақтауды бақылайды;
5) "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуларды өткізуді ұйымдастырады;
6) "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне сыйақы, қосымша төлем, материалдық көмек көрсету, еңбек демалыстарын ұсыну және іссапар сұрақтарын шешеді;
7) заңмен қойылған тәртіпте "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қояды;
8) "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жемқорлыққа қарсы қойылған іс-әрекетке бағытталған шаралар қолданады, жемқорлыққа қарсы қойылған шараларды қолданғаны үшін жауапкершілік тартады;
9) "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын өзге де сұрақтар бойынша шешімдер қабылдайды.
"Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының болмау кезеңінде өкілеттілікті орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстырушымен жүзеге асырылады.
25. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ұжымдық шартпен реттеледі.
4. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлігі
28. Заңнамада көрсетілген жағдайларға байланысты "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі жедел басқару құқығында оқшау мүлікке ие болады.
"Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлігі меншік иесі берген мүлік есебінен, сонымен бірге (ақшалай табысты қосқанда) Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған қызмет және басқа да көздер нәтижесінде сатып алудан қалыптасады.
29. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
30. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі басқа да заңнамада белгіленбеген қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеленуге немесе иелігінен шығаруға құқығы жоқ.
5. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта
ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
31. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі таратылған кезде, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлiк аудандық коммуналдық меншiкте қалады.