Баянауыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 239/9 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 қазанда № 6070 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Баянауыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Баянауыл ауданының әкімі аппаратының басшысы Қ. Қ. Абылгазинге жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі О. Қайыргельдинов

  Баянауыл ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "7" қыркүйектегі
№ 239/9 қаулысына
қосымша

Баянауыл ауданы әкімдігінің
күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Баянауыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы "Баянауыл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 34/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4347 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Баянауыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 13 ақпандағы "Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 35/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4345 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Баянауыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы "Баянауыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 66/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4362 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Баянауыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы "Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 146/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4564 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Баянауыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 287/10 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4809 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Баянауыл аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы "Баянауыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 287/10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 67/03 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5063 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. Баянауыл аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы "Баянауыл ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 84/03 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5077 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады