Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 07.09.2018 № 239/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. И. Даулеткалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Күлжан |
Баянауыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "05" маусым № 146/6 қаулысымен бекітілді |
“Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі”
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі Баянауыл ауданының аумағында ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Баянауыл ауданы аумағындағы мемлекеттік органы болып табылады.
2. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттің мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140300, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 49.
10. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: сағат 9.00-дан 18.30-ға, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы “ Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде государственное учреждение “Отдел ветеринарии Баянаульского района”.
12. Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімдігі тұлғасында “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы мемлекет болып табылады.
13. Осы Ереже “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
15. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Баянауыл ауданының аумағында ветеринариялық–санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
17. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мақсаты ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
18. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні:
1) халықтың денсаулығын, жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
2) ветеринариялық –санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) тиісті Баянауыл ауданы аумағынан басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау болып табылады.
19. Негізгі міндеттері:
1) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
2) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыру кезiнде, қоршаған ортаны ластауын алдын алу және оны жою.
20. Функциялары:
1) облыстың жергiлiктi атқарушы органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
6) жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем-шөп пен жем-шөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өнделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
9) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті Баянауыл аудандық аумақтық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы ұсыныстарды ауданның жергілікті атқарушы органдарға енгізу;
10) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін, тиісті Баянауыл аудандық аумақтық мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы ұсыныстарды ауданның жергілікті атқарушы органдарына енгізу;
11) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің тізімін бекіту;
12) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
13) эпизоотиялық ошақтар пайда болған жағдайда оларға тексеру жүргізу;
14) эпизоотологиялық тексеру актісін беру;
15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталу тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өндеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем-шөп пен жем-шөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды, ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті Баянауыл ауданынан орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
жеке және заңды тұлғалардың өндіріс орындарында және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өндейтің, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне , экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда;
16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өндеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардын сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
18) аудан аумағында жануарлардын энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардын аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
22) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстық маңызы бар ауданның жергілікті атқарушы органына ұсыну;
23) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардын жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
24) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
26) облыстың жергілікті атқарушы органына ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
28) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
29) халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету;
30) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) ветеринария саласындағы мәселелерді жедел шешу және дамытудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды аудан әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізу;
2) “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардан, сондай-ақ басқа ұйымдар мен азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
3) “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын мәселелері жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, өңірдегі ұқсас мемлекеттік органдармен тәжірибе алмасу, жұмыс берушілермен әрекеттесу;
4) мемлекеттік органдарда, сотта “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
5) өз құзыреті шегінде келісім шарттар, келісімдер жасасу;
6) “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі осы Ережемен көзделген өкілеттікті іске асыру үшін мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттар мен басқа материалдарды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сұрауға және алуға құқығы бар;
7) “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі осы Ережемен көзделген өкілетті іске асыру үшін Конституцияны және Қазақстан Республиканың заңын сақтауға міндетті;
8) азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауға және қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыруға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;
9) “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі ұсынылған құқықтары мен міндеттері шегінде, өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
10) мемлекеттік меншіктің сақталуын, сеніп берілген мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарға ғана пайдалануды қамтамасыз ету;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындау.
3. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
23. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Баянауыл ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
24. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
4) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесін ұсынады;
6) ведомстволық бағыныстағы ұйымның басшысымен кеңестер өткізеді;
7) “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
8) “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;
10) азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді.
“Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
25. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі аудандық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
26. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі мен ауданның жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
27. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
4. “Баянауыл ауданының ветеринария
бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі
28. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
“Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ жеке қызметі нәтижесінде сатып
алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі”
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
31. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесі таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.
6. “Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Баянауыл ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығында “Баянауыл ауданының ветеринариялық станциясы” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.