Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 07.09.2018 № 239/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (одан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | А. Бельгубаев |
Баянауыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "30" қазандағы № 287/10 қаулысымен бекітілді |
"Баянауыл ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Баянауыл ауданының аумағында білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140300, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 27.
10. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Отдел образования Баянаульского района".
12. Мемлекет Баянауыл ауданының әкімдігі тұлғасында "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектілерімен "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
16. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: білім саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
17. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің негізгі мақсаты білім саласынада азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болып табылады.
18. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дамыту болып табылады.
19. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) білім ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім ісін басқаруды демократияландыру;
8) қоғам мен экономикалық қажеттеріне жауап беретін білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
9) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуметін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;
10) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;
11) жұмыс шілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім дің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету;
12) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау.
20. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі функциялары:
1) негізгі орта, жалпы орта білім дің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдарын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілеріне тапсырыс ді ұйымдастырады және солармен қамтамасыз етеді, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
3) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;
4) арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша бiлiм бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм дiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
5) аудан деңгейінде жалпы білім беретін пәндер бойынша мектептің ғылыми жобалар, олимпиадасы мен конкурстарын, орындаушылар конкурсын және кәсіби шеберлік конкурстарын, мектеп олимпиадаларын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
6) балаларға аудан деңгейінде жүзеге асырылатын қосымша білім ді қамтамасыз етеді;
7) бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім ұйымдары қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруды және кадрларды қайта даярлауды ұйымдастырады;
8) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
10) білім саласының уәкілетті органдарына өтінімге сәйкес одан әрі жұмысқа орналастырумен ауылдық жерде кадрлар қажеттілігі туралы өтінімді ұсынады;
11) білім мониторингін жүзеге асырады;
12) қамқоршылық кеңестерге көмек көрсетеді;
13) мемлекеттік білім ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
14) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
15) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiтедi;
16) аудан деңгейіндегі әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
18) мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алБаянауылтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және бiлiм ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
19) балаларға әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысады;
20) ақпараттандыру және кеңестер өткізудің тәртібін, баланың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды анықтайды;
21) ведомстволық бағыныстағы заңды тұлғаларды басқару мәселелері бойынша актілерді шығарады, олардың іске асырылуына бақылауды қамтамасыз етеді;
22) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мүлкінің сақталуы мен пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;
23) мектепке дейiнгi бiлiм ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
24) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алулар жүргізу үдерісінде тапсырыс ші мен конкурстарды ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асырады, бұл мақсатқа бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
25) ауылдық жердегi бiлiм ұйымдарына жұмыс iстеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
26) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажеттi әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
27) "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
28) аудан әкімі тапсырмаларының, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуын ұйымдастырады және орындайды;
29) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланысты орнатады және дамытады;
30) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетеді;
31) негiзгi орта, жалпы орта бiлiм ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат бередi;
32) ауданның білім объектілері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметтеріне ішкі бақылауды жүзеге асырады;
33) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік білім ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттіктеріне аттестаттау жүргізеді;
34) "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда азаматтардың білім мәселелері бойынша ұсыныстарын, өтініштерін, арыз-шағымдарын уақытында қарастыруды қамтамасыз етеді;
35) ағымдағы шотқа ақшалай қаражатты аудару жолымен патронаттық тәрбиешілердің еңбекақысын төлеу.
21. Құқықтары мен міндеттері:
1) аудан әкімі мен әкімдігіне дамудың негізгі бағыттары, білім саласындағы мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды қарастыруға енгізу;
2) мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;
4) "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында өкілдік ету;
5) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
6) қолданыстағы заңнамалық актілерде қарастырылған басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
3. "Баянауыл ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
23. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Баянауыл ауданының әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
24. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
4) "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
6) "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, өзге де мекемелерде бөлім мүдделерін білдіру құқығына сенімхаттарды береді;
7) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
8) "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын ынталандыру, тәртіптік жауапкершілікке тартуды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
"Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
25. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
26. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен үйлестіретін саласындағы уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
27. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.
4. "Баянауыл ауданының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкi
28. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
"Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырлады.
29. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi, өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
31. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде, несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.
6. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
33. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйымдар бар:
Мемлекеттік мекемелер:
1) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің № 2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Сұлужон жалпы орта білім беру мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Б. Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Ақсан жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің С. Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Шадыра мектеп-балабакша оку-тәрбие кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Ж. Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Жайма жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің № 2 жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Қ. Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Е. Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Лекер жалпы негізгі білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Бірлік жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабакша оқу-тәрбие кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Әлкей Марғулан атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Ақши жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Шоманкөл жалпы бастауыш білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26) "Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің Көкдомбақ бастауыш жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Біріншімай жалпы бастауыш білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Медет жалпы бастауыш білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
29) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Қызылшілік жалпы бастауыш білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
30) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Ақмектеп жалпы бастауыш білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
31) Алынып тасталды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 11.03.2016 № 67/03 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Ескерту. 33-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 11.03.2016 № 67/03 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Мемлекеттік қазыналық коммуналдық қәсіпорлар:
1) Баянауыл ауданының әкімдігі, Баянауыл аудандық білім бөлімінің "Жаяу-Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны";
2) Баянауыл ауданының әкімдігі, Баянауыл аудандық білім бөлімінің "Майқайың балалар өнер мектебі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны".