Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 07.09.2018 № 239/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 287/10 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4809 болып енгізілген, 2015 жылдың 18 желтоқсанда № 51 Баянтау газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
33-тармақта 31) тармақша алынып тасталсын.
2. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Күлжан |