Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 06.10.2017 № 304/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ*ЕТЕДІ:
1. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы қоса берілген Ережесі бекітілсін.
2. Ертіс ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 18 тамызда № 4664 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 тамызда № 32 "Ертіс нұры" және № 33 "Иртыш" аудандық газеттерде жарияланған) № 227/7 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Шәріпов |
Ертіс ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "3" қарашадағы № 285/8 қаулысымен бекітілді |
Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ертіс ауданының аумағында ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да нормативтік құқықтық актілерімен, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
4. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы жазылған бұрыштамасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органда есеп-шоттары бар.
5. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
6. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, егерде осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуға құқығы бар.
7. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiпте Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140500, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 97.
10. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі:
дүйсенбі - жұма сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
11. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің толық атауы:
мемлекеттік тілде: Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства Иртышского района" акимата Иртышского района.
12. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы, Ертіс ауданының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.
13. Осы Ереже Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары қаржыландыру жергілікті және республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
15. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің болып табылатын міндеттерін орындауда кәсіпкерлік субъектілермен келісімшарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілсе, онда бұл қызметтерден түскен табыстар мемлекеттік бюджет кірісіне бағытталады.
2.* Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауданның атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және кәсіпкерлік, туризм және ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты, өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
17. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты ауданның шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің, ауыл шаруашылық өндірушілерінің мүддесін қорғауға бағытталған және мемлекеттік саясатты мемлекеттік даму бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ету болып табылады.
18. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Ертіс ауданының аумағында кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және туризмнің даму мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
19. Міндеттері:
1) Ертіс ауданының аумағында кәсіпкерлік қызметін, ауыл шаруашылықты және туризмді дамыту үшін жағдайлар жасау;
2) Қазақстанның дамыту институты арқылы несиелендірілетін болашақ инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін ілгерілетуді үйлестіруді ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз ету;
3) қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және тұрғындарың қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің іске асырылуына жәрдемдесу;
4) Ертіс ауданының аумағында мемлекеттік сауда саясатын жүргізу.
20. Функциялары:
1) мемлекеттік саясатты қолдауды іске асыру және жеке кәсіпкерлікті дамытуды жүзеге асыру;
2) жеке меншіктің, ауыл шаруашылығының және туризмнің дамуы үшін жағдайлар жасау;
3) ауданда мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен іске асуына жауапты болу және қамтамасыз ету;
4) шағын кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудың аймақтық бағдарламаларын іске асыру;
5) ауданда шағын кәсіпкерлікті және инфрақұрылымдық объектілерін, инновациялық қызметті қолдау құру және дамытуды қамтамасыз ету;
6) жеке кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен жергілікті атқарушы органдардың өзара қатынасын дамытудың стратегиясын анықтау;
7) сараптама кеңестерінің қызметтерін ұйымдастыру;
8) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
9) кәсіпкерлік, өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік секторды мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған шараларды қалыптастыру және іске асыру;
10) өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында инвестицияларды тартуға қатысу және жәрдемдесу, инвестициялық және инновациялық жобалар тізбесіне ұсыныстарды қалыптастыру;
11) Ертіс ауданының аумағында инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруда және іске асыруда қатысу;
12) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін персонал мамандарын оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
13) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне агроөнеркәсіптік саясат тетігін және негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу;
14) агроөнеркәсіптік кешен саласында жедел ақпараттар жиынтығын жүргізу;
15) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру;
16) өзінің құзыры шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат берілетін бөлшек бағалар мөлшерін сақтаумен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
17)*Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметтерді көрсету;
18) заңнамамен қарастырылған басқа да қызметтерді атқару.
21. Құқықтары мен міндеттері:
Құқығы:
1) Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан, лауазымдық тұлғалардан өтеусіз негізде қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұрауға және алуға;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру бойынша Ертіс ауданының әкіміне және әкімдігіне ұсыныстар енгізуге;
3) өз құзыреті шегінде келісім шарттар жасауға;
4) қолданыстағы заңнамамен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
Міндеттері:
1) Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық жұмысын жүзеге асыру және оны материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыру, ауданның мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру;
3) қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге міндеттерді жүзеге асыру.
3. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен басшылық "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшымен жүзеге асырылады.
23. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ертіс ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
24. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының сектор меңгерушісі болады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
25. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені Ертіс ауданы әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат етеді;
3) бұйрықтарды шығарады;
4) Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданады;
5) Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша міндеттердің орындалуы үшін дербес жауап береді;
6) Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
7) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесінiң мүддесiн білдіреді;
8) заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлігіне иелік етеді;
9) белгіленген заңнама тәртібінде келісімдер және басқа да заңды мәмілелер жасайды;
10) сенімхаттар береді;
11) Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
13) Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі қызметкерлерiнің міндеттерін анықтайды;
14) Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
15) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
26. Басшы сектор меңгерушісінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
27. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті орган (жергілікті атқарушы органымен) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
28. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен және үйлестіретін саладағы уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
29. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі және еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес және ұжымдық келісім шартпен белгіленеді.
4. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
30. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамамен қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
31. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
32. Егер заңнамада өзге белгіленбесе, Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Ертіс ауданы әкімдігініңи"Ертіс ауданының
кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату (жою)
33. Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта құру және тарату (жою) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.