Ертіс ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 304/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қазанда № 5650 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Ертіс ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Ертіс ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі С. Батырғожинов

  Ертіс ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "6 "қазандағы
№ 304/10 қаулысына
қосымша

Ертіс ауданы әкімдігінің күші жойылған
кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ертіс ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 мамырдағы "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 150/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4530 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 маусымда аудандық "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған).

      2. Ертіс ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 шілдедегі "Ертіс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 212/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4636 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 тамызда аудандық "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған).

      3. Ертіс ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 шілдедегі "Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 213/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4638 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 тамызда аудандық "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған).

      4. Ертіс ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы "Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 285/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4815 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 желтоқсанда аудандық "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған).

      5. Ертіс ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы "Ертіс ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 41/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5023 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірде аудандық "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады