"Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 227/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 тамызда № 4664 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 03 қарашадағы N 285/8 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 03.11.2015 N 285/8 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ*ЕТЕДІ:
      1. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы қоса берілген Ережесі бекітілсін.
      2. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы мәселеге жетекшілік ететін Ертіс ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі В. Дубовицкий

  Ертіс ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "30" шілдедегі
№ 227/7 қаулысымен
бекітілді

"Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекетік мекемесі Ертіс ауданы аумағында ауыл шаруашылығы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, құқықтық актілеріне, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеменің коммуналдық мемлекеттік мекеме түріндегі ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы жазылған бұрыштамасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, аумақтық Қазынашылық органда есеп-шоттары бар.
      5. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
      6. Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттік атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140500, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 97 үй.
      10. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
      Дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      11. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства и предпринимательства Иртышского района"
      12. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы, Ертіс ауданының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.
      13. Осы Ереже "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы, құжаттары болып табылады.
      14. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері болып табылатын кәсіпкерлік субъектілермен "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттерін орындау барысында келісімшарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы берілсе онда бұл қызметтерден түскен табыстар мемлекеттік бюджетке бағытталады.

2. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызмет нысаны,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: атқару органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және мемлекеттік орган етіп есептелінеді, өз құзыретінде ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және туризм саласындағы саясатын іске асыру.
      17. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаттары: ауданның ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ету, ауданның шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің, ауыл шаруашылық өндірушілерінің мүддесін қорғауға бағытталған қаржы, несие, салық және мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      18. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні: Ертіс ауданының аумағында ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және туризмді үйлестіру мәселелерінде мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру.
      19. Міндеттері:
      1) ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және туризм салаларын дамытудың басымдық аймақтық бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыруға қатысу;
      2) Ертіс ауданының аумағында ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және туризм қызметін дамыту үшін жағдайлар жасау;
      3) қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және қала тұрғындары қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің іске асырылуына жәрдемдесу;
      4) Ертіс ауданының аумағында мемлекеттік сауда саясатын жүргізу.
      20. Функциялары:
      1) жекеменшік кәсіпкерлікті мемлекеттік саяси дамытудың және қолдаудың іске асуын жүзеге асыру;
      2) ауыл шаруашылығын, жекеменшік кәсіпкерлікті және туризмді дамыту үшін жағдайлар жасау;
      3) ауданда мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы және орындалуы үшін жауапты болу және қамтамасыз ету;
      4) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық бағдарламаларын іске асыру және әзірлеу;
      5) ауданда инфрақұрылымдық объектілерін, шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметке қолдау жасауды және дамытуды қамтамасыз ету;
      6) жекеменшік кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен жергілікті атқарушы органдардың өзара қатынасын дамытудың стратегиясын анықтау;
      7) сараптама кеңестерінің қызметтерін ұйымдастыру;
      8) жергілікті деңгейдегі жекеменшік кәсіпкерлікті және шаруа қожалығын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
      9) кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған шараларды қалыптастыру және іске асыру;
      10) иинвестициялық және инновациялық жобалар тізбесіне ұсыныстарды қалыптастыру, өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында инвестицияларды тартуға жәрдемдесу;
      11) Ертіс ауданының аумағында инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
      12) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін персонал мамандарын оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      13) негізгі бағыттағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне және мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясат тетігін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу;
      14) агроөнеркәсіптік кешендер саласында және ауылдық аумақтарда жедел ақпараттар жиынтығын жүргізу;
      15) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру;
      16) өзінің құзыры шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат берілетін бөлшек бағалар мөлшерін сақтаумен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      18) заңнамамен қарастырылған басқадай қызметтерді атқару.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      Құқығы:
      1) "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдардан, лауазымдық тұлғалардан алдында қойылған міндеттерді орындауға байланысты өтеусіз негізде қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұрауға және алуға;
      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру бойынша Ертіс ауданының әкімі мен әкімдігіне ұсыныстар енгізуге;
      3) өз құзыреті шегінде келісім шарттар жасауға;
      4) қолданыстағы заңнамамен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
      Міндеттері:
      1) "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық жұмысын жүзеге асыру және оны материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыру, қалалық мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру жатады;
      3) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

3. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен басшылықты "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшымен жүзеге асырады.
      23. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын Ертіс ауданының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      24. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      25. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені Ертіс ауданы әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және қала әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат етеді;
      3) бұйрықтарды шығарады;
      4) "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданады;
      5) "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша міндеттердің орындалуы үшін дербес жауап береді;
      6) "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
      7) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесінiң мүддесiн білдіреді;
      8) заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлігіне иелік етеді;
      9) белгіленген заңнама тәртібінде келісімдер және басқа да заңды мәмілелер жасайды;
      10) сенімхаттар береді;
      11) "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
      13) "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесі қызметкерлерiнің міндеттері мен құрылымдық бөлімшелердің функцияларын анықтайды;
      14) "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
      15) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      26. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      27. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті орган (жергілікті атқару органмен) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
      28. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен және үйлестіретін саладағы уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      29. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі және еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес және ұжымдық келісім шартпен белгіленеді.

4. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      31. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Ертісиауданыныңиауылишаруашылығы және
кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесін қайта құру және тарату (жою)

      33. "Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта құру және тарату (жою) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады