Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 2-19/298 ұсынысы негізінде, малдардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Ертіс ауданының Панфилов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ қабылдайды:
1. Ірі қара малдың арасында эмфизематоздық көршиқан ауруы ошақтарының анықталғанына байланысты Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округінің Тоқта ауылының Әутәліпов атындағы көшесіне карантин белгіленсін.
2. "Ертіс ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ертіс аудандық аумақтық инспекциясының басшысы (келісім бойынша) қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған кейін қолданысқа енгізіледі.
Панфилов ауылдық | |
округі әкімі | А. Кәрібаев |
КЕЛІСІЛДІ | |
Ертіс ауданының ветеринария | |
бөлімінің басшысы | Ж. Усаханов |
2015 ж. "06" қазан | |
КЕЛІСІЛДІ | |
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы | |
министрлігінің Ветеринариялық | |
бақылау және қадағалау | |
комитетінің Ертіс | |
аудандық аумақтық | |
инспекциясының басшысы | Е. Кәрімжанов |
2015 ж. "06" қазан |