Бұрын, 2015 жылғы 06 қазанда қабылданған, Панфилов ауылдық округі әкімінің "Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округінің Тоқта ауылының Әутәліпов атындағы көшесіне карантин белгілеу туралы" № 3 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 05 қаңтардағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ертіс аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы карантинді алу туралы № 2-19/423 ұсынысы негізінде, Панфилов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ қабылдайды:
      1. Малдардың жұқпалы ауруларының ошағын жою бойынша кешенді ветеринарлық шараларының өткізілуіне байланысты Ертіс ауданының Панфилов ауылдық округінің Тоқта ауылындағы Әутәліпов атындағы көшесіне салынған карантин алынсын.
      2. Бұрын, 2015 жылғы 06 қазандағы қабылданған, Панфилов ауылдық округінің "Ертіс ауданы Панфилов ауылдық округінің Тоқта ауылының Әутәліпов атындағы көшесіне карантин белгілеу туралы" № 3 шешімінің (Павлодар облысы бойынша Әділет департаментінің нормативті-құқықтық актісінің тізілімінде 2015 жылдың 22 қазандағы № 4765 тіркелген, аудандық "Ертіс нұры" газетінде 2015 жылдың 31 қазандағы № 43 және "Иртыш" газетінде 2015 жылдың 31 қазандағы № 43 жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Панфилов ауылдық
      округі әкімі А. Кәрібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады