Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға арналған Май ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
2) 50 жастан асқан тұлғалар;
3) үш айдан аса жұмыс істемеген тұлғалар;
4) мамандығы, еңбек өтілі жоқ тұлғалар;
5) уақытша, маусымдық жұмыс біткен себебімен жұмыстан шығарылған тұлғалар;
6) бірде бір жұмыскері жоқ отбасынан шыққан тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Ысқақова |