Май ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 93/5 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 27 және 50 баптарына сәйкес, аудан әкімдігінің актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Май ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Май ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппарат басшысының міндетін атқарушы А.Б. Шариповаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Қаңтарбаев

  Май ауданы әкімідігінің
2016 жылғы "16" мамырдағы
№ 93/5 қаулысына
қосымша

Май ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған
қаулыларының тізбесі


Нормативтік құқықтық актінің атауы
Тіркелген және жарияланған күні
1
2
3
1.
Май ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 366/12 "2016 жылға арналған Май ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысы
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 28 қаңтарда № 4910 тіркелген;
2016 жылғы 06 ақпанда № 6 (8244) "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған
2.
Май ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 365/12 "2016 жылға арналған Май ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысы
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 28 қаңтарда № 4911 тіркелген;
2016 жылғы 06 ақпанда № 6 (8244) "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған
3.
Май ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 197/6 "Май ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысы
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 02 шілде № 3860 тіркелген; 2014 жылғы 12 шілдеде №23 (8163) "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады