Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Май аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде, Малайсары селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Май ауданы Малайсары ауылдық округінің Жаңасарай бөлімшесінде және Малайсары ауылдық округі Малайсары ауылының "Елубай" жайлауында орналасқан "Арман" шаруа қожалығының аумағында жылқылардың ринопневмония ауруының анықталуына байланысты шектеу шараларымен бірге ветеринарлық режим тағайындалсын.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Май аудандық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Май ауданының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық ахуалды қамтамасыз ету үшін тиісті ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Селолық округінің әкімі | С. Өмірбеков |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрлігі | |
Ветеринарлық бақылау және қадағалау | |
Комитетінің Май аудандық аумақтық | |
инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің | |
басшысы | Н. Жұмабаев |
2015 жылғы "25" қыркүйек | |
"Май ауданының ветеринария | |
бөлімі" мемлекеттік мекемесі | |
басшысының міндетін атқарушы | Б. Жакупов |
2015 жылғы "25" қыркүйек |