1. Май ауданы Малайсары ауылдық округінің Жаңасарай бөлімшесінде және Малайсары ауылдық округі Малайсары ауылының "Елубай" жайлауында орналасқан "Арман" шаруа қожалығының аумағында жылқы ринопневмониясы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Малайсары селолық округі әкімінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі "Май ауданы Малайсары ауылдық округінің "Арман" шаруа қожалығында шектеу шараларын енгізумен байланысты ветеринарлық режимді белгілеу туралы" № 3 шешімінің (Павлодар облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2015 жылы 27 қазанда № 4769 болып тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 4 5(8231) санында жарияланған, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 2 қараша айында ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Селолық округінің әкімі | С. Өмірбеков |