Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 78/366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 32 кезектен тыс сессиясы) 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 32/242 (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3780 тiркелген, 2014 жылғы 4 мамырдағы "Заман тынысы", "Нива" аудандық газеттерiнде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:көрсетілген шешімнің 1 тармағында:
он бірінші абзацында "69 АЕК" деген сөздер мен сандар "150000 (жүз елу мың) теңге" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;
он үшінші абзацында "1,8" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
он төртінші абзацында "14" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
он бесінші абзацында "3,5" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
он жетінші абзацында "1,8" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
он сегізінші абзацында "1,8" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
он тоғызыншы абзацында "1,8" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
жиырмасыншы абзацында "1,8" деген сандар "5" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Баткеев |
Мәслихат хатшысы | Б. Оралов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |
2015 жылғы 3 наурыз |