Павлодар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 78/366 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 7128 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық, азаматтардың құқығын сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар аудандық мәслихатының сессия төрағасы А. Абылгазинова
      Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы А. Шайхимов

  Павлодар аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 78/366 шешіміне
қосымша

Павлодар аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1.Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 32/242 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3780 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 мамырда аудандық "Заман тынысы", "Нива" газеттерінде жарияланған).

      2. Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 қарашадағы "Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 32 кезектен тыс сессиясының) 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 32/242 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 40/297 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4177 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Павлодар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 ақпандағы "Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 32 кезектен тыс сессиясының) 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 32/242 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 42/327 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4384 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 наурызда аудандық "Заман тынысы", "Нива" газеттерінде жарияланған).

      4. Павлодар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 ақпандағы "Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 32 кезектен тыс сессиясы) 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 32/242 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 28/151 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5880 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. Павлодар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы "Павлодар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 32/242 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 55/250 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6454 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 шілдеде аудандық "Заман тынысы", "Нива" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады