Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 32 кезектен тыс сессиясының) 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 32/242 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 ақпандағы № 42/327 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 наурызда № 4384 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 78/366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 78/366 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДI:

      1. Павлодар аудандық мәслихатының (5 сайланған 32 кезектен тыс сессиясы) 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 32/242 (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3780 тiркелген, 2014 жылғы 4 мамырдағы "Заман тынысы", "Нива" аудандық газеттерiнде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетілген шешімнің 1 тармағында:

      он бірінші абзацында "69 АЕК" деген сөздер мен сандар "150000 (жүз елу мың) теңге" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

      он үшінші абзацында "1,8" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;

      он төртінші абзацында "14" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;

      он бесінші абзацында "3,5" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;

      он жетінші абзацында "1,8" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;

      он сегізінші абзацында "1,8" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;

      он тоғызыншы абзацында "1,8" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;

      жиырмасыншы абзацында "1,8" деген сандар "5" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Баткеев
      Мәслихат хатшысы Б. Оралов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов
      2015 жылғы 3 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады