Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 27.05.2019 № 2/328 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 3/606 "Алматы қаласы әкімдігінің құрылымы туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 1/33 қаулысына және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXXV сессиясының "V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XVIII сессиясының 2013 жылғы 5 шілдедегі № 144 "Алматы қаласын басқару сызбасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 299 шешіміне сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып (бұдан әрі – Басқарма) өзгертілсін.
2. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 06.12.2016 № 4/569 қаулысымен (әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Басқарма заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Алматы қаласының әділет органдарында Басқарманың қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды жүргізсін.
5. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2014 жылғы 17 маусымдағы № 2/486 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1069 тіркелген, 2014 жылғы 15 шілдедегі "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |
Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 1/61 қаулысымен бекітілді |
"Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму
басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 06.12.2016 № 4/569 қаулысымен (әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).