Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында мал шаруашылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" 2014 жылғы 12 мамырдағы № 2/343 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1059 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 маусымда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысындағы:
аталған қаулымен бекітілген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Осы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1542 "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (бұдан әрі - Стандарт) қаулысына сәйкес Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы әзірлеген.
"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 85 мекенжайындағы "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетеді.";
аталған қаулымен бекітілген "Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Осы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1542 "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" (бұдан әрі - Стандарт) қаулысына сәйкес Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы әзірлеген.
"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 85 мекенжайындағы "Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетеді.";
аталған регламенттің 1, 2 қосымшаларындағы:
кестелердің:
3, 4 бағанындағы:
"ветеринария" сөзі алынып тасталсын;
2) Алматы қаласы әкімдігінің "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 28 шілдедегі № 3/627 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1079 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 тамызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысындағы:
аталған қаулымен бекітілген "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
1 тармақтағы:
бірінші азат жол келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген. Мемлекеттік қызметті Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125, Жароков көшесінің қиылысы мекенжайында орналасқан Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы қаласының ветеринариялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
3) Алматы қаласы әкімдігінің "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 30 шілдедегі № 3/637 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1080 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 тамызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысындағы:
аталған қаулымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
1 тармақтағы:
бірінші азат жол келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген. Мемлекеттік қызметті Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125, Жароков көшесінің қиылысы мекенжайында орналасқан Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы қаласының ветеринариялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.".
2. Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қаматамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | А.Есімов |