"Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі N 3/627 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 тамызда N 1079 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қырқүйектегі № 3/570 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 29.09.2015 № 3/570 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 "Ветеринария саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі
А. Есімов

  Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 28 шілдедегі N 3/627
қаулысымен бекітілген

"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген. Мемлекеттік қызметті Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125, Жароков көшесінің қиылысы мекенжайында орналасқан Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы қаласының ветеринариялық орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімдігінің 13.04.2015 N 2/231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын өтінім және құжаттар тізбесі мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ветеринариялық анықтама беру (қағаз тасымалдағышта) не жазбаша түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-әрекеттерінің тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуді бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінімі және Стандарттың 9 тармағымен көзделген құжаттарды ұсынуы негіз болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап жүгінген күні ішінде;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      7. Рәсімді (әрекетті) орындау ұзақтығы - жүгінген күні ішінде. Рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі – ветеринариялық анықтама беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді түрде бас тарту болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің ветеринария бөлімінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің ветеринариялық дәрігері.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттестігінің реттілігін сипаттау, әрбір әрекеттің (рәсімнің) өтуі қоса беріліп отырған жиынтық-сызбада ( Қосымша 1) келтірілген.

  "Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша

Әрбір әрекеттің (рәсімнің) өтуінің жиынтық-сызбасы

Негізгі үдерістің іс-әрекеттері (жұмыстардың барысы, ағымы)
1.
Іс-әрекеттің
(жұмыстар
барысының,
ағымының) №
1
2
3
4
2.
Құрылымдық-
функционалдық бірліктердің атауы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің
ветеринария
бөлімінің
басшысы
Көрсетілетін
қызметті
берушінің
ветеринариялық дәрігері
3.
Іс-әрекеттің
(үдерістің,
рәсімнің,
операцияның) атауы және олардың сипаттамасы
Өтінім мен қажетті құжаттарды қабылдау
Құжаттарға
бұрыштама
қою және
көрсетілетін
қызметті алушының
өтінімін
көрсетілетін
қызметті
берушінің
ветеринария
бөлімінің
басшысына
жолдау
Ұсынылған
құжаттардың
толықтығын
анықтау және
көрсетілетін
қызметті
берушінің
ветеринариялық
дәрігеріне
орындау
үшін жолдау
Көрсетілетін
қызметті
берушінің
ветеринариялық
дәрігері
мемлекеттік
қызметті
көрсету
нәтижесін –
ветеринариялық
анықтама беру
не мемлекеттік
көрсетілетін
қызметті
көрсетуден
бас тарту
туралы
дәлелді
жауапты
ресімдейді
4.
Аяқталу
нысаны
(деректер,
құжат,
ұйымдық-
өкімдік
шешім)
Құжаттар топтамасын тіркеу, олардың қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы өтінімнің көшірмесіне белгі қою
Қарар
 
Ветеринариялық
анықтама беру
не мемлекеттік
көрсетілетін
қызметті
көрсетуден
бас тарту
туралы
дәлелді жауап
5.
Орындалу мерзімі
30 минуттан
артық емес
өтінім берілген
күн ішінде
өтінім берілген
күн ішінде
30 минуттан
артық емес

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады