Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 24.04.2019 № 2/250 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Алматы қаласының әділет органдарына өзінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы хабарласын;
2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |
Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуідегі № 2/257 қаулысымен бекітілді |
"Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық
шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік
мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында энергетика, коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4.
9. Толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Управление энергетики и коммунального хозяйства города Алматы".
10. Осы Ереже "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері
13. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы", 2012 жылғы 9 қаңтардағы "Газ және газбен жабдықтау туралы", 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңдарына сәйкес "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы белгіленген – энергетика, коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, Алматы қаласының аумағында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылауды жүзеге асыру.
14. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы", 2012 жылғы 9 қаңтардағы "Газ және газбен жабдықтау туралы", 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңдарымен белгіленген:
1) Алматы қаласының халқын коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;
2) Алматы қаласының энергия кешені мен коммуналдық шаруашылығы ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді болашақта дамытудың стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік, сонымен қатар энергияны үнемдеу және энергия тиімділік саласындағы (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу;
4) қауіпті өндірістік объектілерде авариялар, оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерін болдырмау;
5) реттелетін салаларда мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;
6) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының Алматы қаласының аумағындағы электр энергетикасы, азаматтық қорғаныс, газ және газбен жабдықтау туралы заңнамалары талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының Су кодексіне, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2000 жылғы 18 желтоқсандағы "Сақтандыру қызметі туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", 2004 жылғы 9 шілдедегі "Электр энергетикасы туралы", 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы", 2011 жылғы 6 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы", 2012 жылғы 9 қаңтардағы "Газ және газбен жабдықтау туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғаныс туралы", 2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңдарына, және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес белгіленген:
1) тұтынушылардың жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
2) жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау;
3) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарды тексеруді жүргізу;
4) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жөндеу жоспарларын келісу;
5) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын беру;
6) қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды жобалауды және салуды келісу;
7) 0,07 Мегапаскальдан жоғары немесе судың 115 градус Цельсийден жоғары қызу температурасында жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтеретін механизмдердің, эскалаторлардың, траволаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлардың, лифттердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;
8) қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
9) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерде (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақүй кешендері) орнатылған қауіпті техникалық құрылғыларды (жүк көтеретін механизмдерді, лифттерді, эскалаторларды, траволаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерларды) пайдаланушы ұйымдардың кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі;
10) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету:
110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру;
белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары, сондай-ақ өзінің теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын беру.
11) өз құзыретінің шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, авариялық жағдайларды тексерулерге қатысу;
12) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерде (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақүй кешендері) орнатылған қауіпті техникалық құрылғыларды (жүк көтеретін механизмдерді, лифттерді, эскалаторларды, траволаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерларды), сондай-ақ 0,07 Мегапаскальдан жоғары немесе судың 115 градус Цельсийден жоғары қызу температурасында жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғыларды, жүк көтеретін механизмдерді, эскалаторларды, траволаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерларды, лифттерді қабылдап алу сынақтарына, техникалық куәландыруға қатысу;
13) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметті алушылардың өтініштерін уақытында қарауды қамтамасыз ету;
14) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерде (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақүй кешендері) орнатылған қауіпті техникалық құрылғыларды (жүк көтеретін механизмдерді, лифттерді, эскалаторларды, траволаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерларды), сондай-ақ 0,07 Мегапаскальдан жоғары немесе судың 115 градус Цельсийден жоғары қызу температурасында жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғыларды, жүк көтеретін механизмдерді, эскалаторларды, траволаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерларды, лифттерді техникалық куәландырудың уақытында жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру;
15) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар газ пайдаланатын жүйелерді және газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
16) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысу;
17) тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
18) коммуналдық-тұрмыстық секторды газбен жабдықтау объектілерін есепке алуды бақылау;
19) қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстарға, газ тұтыну саласындағы техникалық құрылғыларға техникалық куәландыру жүргізілуін бақылау;
20) өндірістік бақылау тиімділігін, ұйымдардың аварияларды және олардың салдарын жоюға дайындығын, газ пайдаланатын және газ тарататын объектілерде авариялардың салдарын таратпау және оларды жою жұмыстарын бақылау;
21) уәкілетті органға Алматы қаласының аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсыну;
22) уәкілетті органға Алматы қаласының аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсыну;
23) Қазақстан Республикасының газбен жабдықтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан құрылысы аяқталған және қайта жаңғыртылған газ тарататын және газды пайдаланатын жүйелерді қабылдау жөніндегі жұмыс комиссиялардың жұмысына қатысу;
24) өндірістерді уақытша тоқтатумен, тоқтатумен байланысты жағдайларды қоспағанда осындай бұзушылықтарды жою кезеңінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, істен шыққан газ техникалық құрылғыларды, көтеру құрылыстарын пайдалануға тыйым салу;
25) газдандырудың технологиялық үдерістерінде және көтеру құрылыстарында пайдаланылатын біртекті өнімдер мен жабдықтардың сәйкестік сертификаттарының болуын бақылау;
26) газдандыру объектілерін, көтеру құрылыстарын пайдалануға қабылдау ережелерінің сақталуын бақылау, комиссияның жабдықтардың жаңа үлгілеріне сынақтар жүргізу бойынша жұмысын ұйымдастыру;
27) жобалау ұйымдарының газ тарататын және газды пайдаланатын объектілер мен коммуналдық-тұрмыстық сектордың көтеру құрылыстарын жобалау, құрылысын жүргізу, қайта жаңғырту кезінде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын, техникалық шарттарды, мемлекеттік стандарттарды сақтауын бақылау;
28) газбен жабдықтау объектілерінде, көтеру құрылыстарын (жүк көтеретін механизмдер, лифттер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлар) пайдаланатын объектілерде қызметкерлерге нұсқау беру, оқыту жүргізудің, қызметкерлерлі жұмысқа жіберудің белгіленген тәртібінің сақталуын, басқарушы қызметкерлерде газ және басқа да жұмыстарды басқаруға құқық беретін құжаттардың, ал қызметкерлерде газ қауіпті және басқа да жоғары қауіптіліктегі жұмыстарды жүргізуге құқық беретін құжаттардың болуын бақылау;
29) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды, сонымен қатар жеке тұлғаларға әдістемелік және өзге де көмек көрсету;
30) әкімдіктің энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-қимылдар бағдарламасын әзірлеу, олардың іске асырылуын бақылау;
31) энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы өңірлік ғылыми-техникалық саясатты әзірлеу және іске асыру;
32) инженерлік іздестіру, инженерлік инфрақұрылымды жобалау, құрылысын жүргізу, қайта жаңғырту, қалпына келтіру, ұйымдастыру және күрделі жөндеу саласындағы, сонымен қатар энергетика, коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіптік қауіпсіздік, газ және газбен жабдықтау саласындағы нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу;
33) мемлекеттік бюджет қаражатының, Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдіктерімен берілетін сыртқы қарыздардың және басқа да көздердің есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға және құрылысын жүргізуге конкурстар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
34) Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру бойынша инвестициялық бағдарламалар мен жобаларға, сондай-ақ жылдық жоспарлары әзірлеуге қатысу;
35) заңнамамен белгіленген тәртіпте құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге құқығы бар заңды және жеке тұлғаларды қатыстыру жолымен, Алматы қаласының сумен жабдықтау және су бұру желілерін, тазарту құрылыстарын, электр беру желілерін, және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерінің құрылысын жүргізу, оларды қайта жаңғырту және пайдалануды ұйымдастыру;
36) Алматы қаласының энергетикалық кешені мен коммуналдық шаруашылығын стратегиялық дамыту бағдарламаларын әзірлеу, энергетикалық кешендегі және коммуналдық шаруашылықтағы тиімділігі жоғары технологияларды енгізуге бағытталған бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты іске асыруға қатысу;
37) қазіргі бар ережелер мен Алматы қаласының даму динамикасының құқығында жылу және электр энергиясын, су мен ағынды суларды, газ және басқа да отын түрлерін өндіру мен пайдаланудың тепе-теңдігін әзірлеуге қатысу;
38) жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі нысаналы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
39) коммуналдық қызметтерді есепке алу жүйесін енгізу;
40) электр энергиясы нарығының қызметін бақылау және талдау;
41) қала объектілерін күзгі-қысқы кезеңге уақытында дайындауға бақылауды жүзеге асыру;
42) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарына есептерді беруді ұйымдастыру;
43) Алматы қаласының энергетикалық кешенінің және коммуналдық шаруашылығының жай-күйіне күнделікті шұғыл бақылауды жүзеге асыру;
44) энергетикалық сала мен коммуналдық шаруашылыққа қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Алматы қаласы әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің және тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
45) мүлікті, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық іс-шараларға қатысу және аталған мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру;
46) ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды және даму бағдарламаларын іске асыру, мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын инженерлік желілерді салу, қайта жаңғырту, қайта жаңалау, жаңғырту және қалпына келтіру кезінде тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
47) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен қызметтік хат-хабарларды қарау;
48) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережедеқарастырылған құзыретіне сәйкес энергетика, коммуналдық шаруашылық және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңды және жеке тұлғалардың іс-қимылдарын келісу;
49) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
50) гендерлік аспектілерді қарастыру;
51) Басқарма қызметкерлері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу;
52) заңнама және құзыретінің шегінде энергетика және коммуналдық шаруашылық саласындағы заңды тұлғалардың, атап айтқанда: энергетикалық кешеннің, коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің жұмысын үйлестіру;
53) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларлы жүзеге асыру.
16. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
1) Алматы қаласының барлық мемлекеттік органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
2) "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізу және келісімдер жасасу;
3) Алматы қаласының әкіміне "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;
4) белгіленген тәртіпте "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және мәслихат шешімдерінің жобаларын енгізу;
5) энергетика, коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясат шараларын іске асыру үшін Алматы қаласы әкімдігінің жанынан комиссиялар, кеңестер, жұмыс топтарын және басқа да кеңесші органдар құруға бастама көтеру;
6) "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлінген қаражат шегінде белгіленген тәртіпте "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындау үшін ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ жекелеген мамандарды тарту;
7) құзыретінің шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды, газ техникалық объектілерді және көтеру құрылыстарын аралау және оларға тексеру жүргізу;
8) заңнаманы, мемлекеттік нормативтерді жол берілген бұзушылықтар анықталған жағдайда қауіпті техникалық құрылғылардың, газ техникалық объектілер мен құрылыстардың иелерінің белгіленген мерзімде бұзушылықтарды жоюы туралы ескертулер беру;
9) жол берілген бұзушылықтарға және заңнама нормаларынан, мемлекеттік нормативтік талаптардан, өнеркәсіптік қауіпсіздік, энергетика, коммуналдық шаруашылық, газ және газбен жабдықтау саласында белгіленген шарттар мен шектеулерден ауытқушылықтарға байланысты бұзушыларға заңнамамен қарастырылған шараларды қолдану туралы шешім қабылдау;
10) электр энергетикасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік, газбен жабдықтау, коммуналдық шаруашылық саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша істі қарау өндірісін жүзеге асыру;
11) техникалық қондырғыларда өнеркәсітік қауіпсіздік, энергетика, коммуналдық шаруашылық, газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға, заңнамаға сәйкес келмейтін материалдар мен бұйымдарды, конструкцияларды, жабдықтарды қолдануға тыйым салу;
12) энергияны үнемдеу, энергетикалық салаға және коммуналдық шаруашылыққа қызмет көрсету, коммуналдық қызметтерді жеткізу бойынша жұмысты жақсарту туралы бағдарламалар, ұсыныстар әзірлеу және Алматы қаласының әкімішілігі мен мәслихатына және өзге де мемлекеттік органдарға енгізу;
13) заңнамамен белгіленген тәртіпте тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
14) энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында әлеуметтік, экономикалық және техникалық саясатты әзірлеу мақсатында қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасау;
15) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген тәртіпте сотқа талап-арызбен жүгіну;
16) өзіне берілген мүлікті басқару;
17) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін басшы басқарады, ол "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершілікте болады.
18. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Алматы қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
19. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.
20. Басшының өкілеттіктері:
1) "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) өзінің орынбасарларының және "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдағаны үшін жеке жауапкершілікте болады;
4) заңнамаға сәйкес "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
5) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермейлейді, оларға тәртіптік жазалар қолданады;
6) "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және оның бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
8) өз өкілеттіктерінің шегінде бұйрықтар шығарады;
9) "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіруге сенімхаттар береді;
10) "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің банктік шоттарын ашады;
11) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулылар шығарады;
12) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы орнында болмаған жағдайда оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын алмастыратын тұлға орындайды.
21. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.
22. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша қызмет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленген оның құзыретіне сәйкес "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мәселелерін дербес шешеді.
23. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан мемлекеттік органдарға және басқа да мемлекеттік мекемелерге жолданатын құжаттарға Басқарма басшысы, ал ол орнында болмаған жағдайда – оның орнын алмастыратын тұлға қол қояды.
24. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, оның орынбасарлары және қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасының сақталуы үшін жеке жауапкершілікте болады.
4. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық
шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің мүлкі
25. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамамен қарастырылған жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
"Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің есебінен қалыптасады.
26. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
27. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе өзіне қаржыландыру жоспары берілген қаражат есебінен сатып алынған, өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгеше әдіспен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық
шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
28. "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.