Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 2/257 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 2/250 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 сәуірде № 1551 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 2/257 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1162 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда "Алматы ақшамы" және 2015 жылғы 21 мамырда "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Сембековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады