Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 06.09.2017 № 3/351 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы "Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы" № 1/56 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізбесінде 770 нөмірімен тіркелді, 2008 жылғы 1 сәуірдегі "Вечерний Алматы" және 2008 жылғы 5 сәуірдегі "Алматы Ақшамы" газеттерінде жарияланды) келесі өзгертулер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы ережеде:
3 тармақтың екінші азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"3. Комиссия Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Алматы қаласы аудандарының әкімдерінен, Алматы қаласының жер қатынастары, Сәулет және қала құрылысы басқармалары, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы және басқа органдар мен ұйымдардың өкілдерінен құрылады.".
4 тармақтың бірінші азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:
Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі бола алмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Алматы қаласы аудандары әкімдері тиісті ауданға қатысты Жер комиссиясының қорытындыларын келіседі.
2. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және интернет ресурстарда орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |