Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 2, 3-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Е.Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат хатшысы 2015 жылғы 15 мамыр |
Қ.Едіресов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 162 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Денсаулық сақтау саласы мамандарының лауазымдары:1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);
2) бөлімшенің, зертхананың басшысы;
3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
4) акушер;
5) емдәм бикесі;
6) тіс дәрігері;
7) тіс технигі;
8) медициналық бике;
9) медициналық статистик;
10) медициналық зертханашы;
11) провизор;
12) психолог;
13) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
14) рентген зертханашысы;
15) мамандандырылған медициналық бике;
16) медициналық бикенің көмекшісі;
17) фармацевт;
18) фельдшер (-зертханашы);
19) кітапханашы;
20) дәріхана меңгерушісі;
21) мәдени ұйымдастырушы;
22) нұсқаушы;
23) денсаулық сақтау саласының менеджері.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;
2) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
3) медициналық бике;
4) мұғалім;
5) тәрбиеші;
6) психолог;
7) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
8) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
9) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
10) мәдени ұйымдастырушы;
11) музыкалық жетекші;
12) кітапханашы;
13) фармацевт;
14) дәріхана меңгерушісі;
15) - алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 13.11.2015 N 451 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
16) зертханашы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 13.11.2015 N 451 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілед).
3. Білім беру саласы мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның ішінде бірінші);
2) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
3) әлеуметтік педагог;
4) педагог-психолог;
5) қосымша білім беретін педагог;
6) оқытушы;
7) тәрбиеші;
8) музыкалық жетекші;
9) нұсқаушы;
10) мәдени ұйымдастырушы;
11) әдістемелік кабинеттің жетекшісі;
12) әдіскер;
13) шебер;
14) аккомпаниатор;
15) концертмейстер;
16) үйірме жетекшісі;
17) медициналық бике;
18) емдәм бикесі;
19) кітапханашы;
20) библиограф;
21) вожатый;
22) инспектор;
23) зертханашы;
24) кітапхананың, интернаттың, психологтік-педагогикалық түзету кабинетінің, шеберхананың меңгерушісі;
25) дәрігер;
26) сурдопедагог,
27) тифлопедагог;
28) көркемдік жетекші;
29) балетмейстер,
30) хормейстер;
31) хореограф;
32) жаттықтырушы;
33) барлық аталымдағы суретшілер;
34) оқу бөлімінің хатшысы.
4. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
1) директор, басшы;
2) бөлімше басшысы;
3) директордың, басшының орынбасары;
4) сектордың, бөлімнің меңгерушісі;
5) сектор басшысы;
6) барлық аталымдағы суретшілер;
7) аға ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер;
8) мұражайдағы бас сақтаушы, қор сақтаушысы;
9) экскурсия жетекшісі;
10) мұражай қараушысы;
11) әдіскер, аға әдіскер;
12) мұрағатшы.
5. Спорт саласы мамандарының лауазымдары:
1) басшы, директор;
2) директордың, басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
3) нұсқаушы, әдіскер-нұсқаушы;
4) дәрігер;
5) медициналық зертханашы;
6) медициналық бике;
7) әдіскер;
8) психолог;
9) аға жаттықтырушы, жаттықтырушы;
10) мал дәрігерлік фельдшер.
Ескертпе: "дезинфектор" лауазымы кәсіптік дайындығы және арнаулы білімі болған жағдайда.