"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 162 қаулысына (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3264 болып тіркелген, "Солтүстік Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 16 маусым жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен айқындалған Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар мамандар лауазымдарының тізбесінде:
2-тармақтың 15) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Е.Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат хатшысы 2015 жылғы 6 қараша |
Қ.Едіресов |