Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 33 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 33 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр күшi жойылған қаулыларының тізбесі

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қарашадағы № 380 қаулысы (2014 жылғы 07 қаңтар "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2457 болып тіркелген).
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті мемлекеттік органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 135 қаулысы (2015 жылғы 13 маусым "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3257 болып тіркелген).
      3. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда облыстық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 162 қаулысы (2015 жылғы 16 маусымда "Солтүстік Қазақстан" газетінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3264 болып тіркелді).
      4. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 162 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 451 қаулысы (2015 жылғы 28 желтоқсанда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3501 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады