1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2015 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың XXХVІ сессиясының төрағасы |
С. Махметов |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы |
Қ. Едіресов |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 14 шілдедегі № 36/5 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2015 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақы мөлшерлемелері тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
4. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№р/с | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
| Этилденбеген бензин үшін | 0,66 |
| Дизель отыны үшін | 0,9 |
| Сұйытылған, сығылған газ үшін, керосин үшін | 0,48 |
6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
6-1. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 АЕК-ті құрайды.
7. Мынадай коэффициенттер:
1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссиялар көлемі үшін табиғи монополиялар субъектілеріне және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдарына төлемақы мөлшерлемелеріне:
2-тармақта - 0,3 коэффициенті;
5-тармақта - 0,43 коэффициенті;
6-тармақтың 1.3.3.-жолында - 0,05 коэффициенті;
2) тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналатын тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондарға 6-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы мөлшерлемесіне 0,2 коэффиценті қолданылады.
8. Осы шешімнің 7-тармағында көзделген коэфициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.
9. Қоршаған ортаға эмиссия үшін белгіленген нормативтерден асатын төлем мөлшерлемелері он есе ұлғаяды.