Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2015 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі N 36/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 тамызда N 3347 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаты аппаратының басшысы 2016 жылғы 12 қаңтардағы N 2.1-11/6 хаты)

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 495-бабының 9-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТI:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2015 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
XXХVІ сессиясының төрағасы
С. Махметов
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
хатшысы
Қ. Едіресов

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 14 шілдедегі № 36/5 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2015 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері

      1. Төлемақы мөлшерлемелері тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.
      2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

№р/с
Ластағыш заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері
(АЕК)
1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері, (АЕК)
1
2
3
4
1.
Күкірт тотықтары
20
 
2.
Азот тотықтары
20
 
3.
Шаң және күл
10
 
4.
Қорғасын және оның қосындылары
3986
 
5.
Күкіртсутек
124
 
6.
Фенолдар
332
 
7.
Көмірсутектер
0,32
 
8.
Формальдегид
332
 
9.
Көміртегі тотықтары
0,32
 
10.
Метан
0,02
 
11.
Күйе
24
 
12.
Темір тотықтары
30
 
13.
Аммиак
24
 
14.
Алты валентті хром
798
 
15.
Мыс тотықтары
598
 
16.
Бенз(а)пирен
 
996,6

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

№р/с
 
Ластағыш заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1
2
3
 
Көмірсутектер
4,46
 
Көміртек тотықтары
1,46
 
Метан
0,08
4.
Күкірт диоксиды
20
5.
Азот диоксиды
20
6.
Күл
24
7.
Күкіртті сутегі
124
8.
Меркаптан
19932

      4. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

№р/с
 
Отын түрлері
Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК)
1
2
3
 
Этилденбеген бензин үшін
0,66
 
Дизель отыны үшін
0,9
 
Сұйытылған, сығылған газ үшін, керосин үшін
0,48

      5. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

№ р/с
 
Ластағыш заттардың түрлері
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1
2
3
1.
Нитриттар
1340
2.
Мырыш
2680
3.
Мыс
26804
4.
Оттегінде биологиялық сұраныс
8
5.
Тұзды аммоний
68
6.
Мұнай өнімдері
536
7.
Нитраттар
2
8.
Жалпы темір
268
9.
Сульфаттар (анион)
0,8
10.
Өлшенген заттар
2
11.
Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар
54
12.
Хлоридтер (анион)
0,2
13.
Алюминий
54

      6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:


р/с
 
Қалдықтардың түрлері
Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 тонна үшін
1 гигабек-керель (Гбк) үшін
1
2
3
4
1.
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:
 
 
1.1.
Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)
0,38
 
1.2
Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар:
 
 
1.2.1.
"қызыл" тізім
14
 
 
 
 
 
1.2.2.
"жақұт" тізім
8
 
1.2.3.
"жасыл" тізім
2
 
1.2.4.
сыныпталмағандар
0,9
 
1.3.
Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар:
 
 
1.3.1.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газ өндіруден басқа):
 
 
1.3.1.1
аршынды жыныстар
0,004
 
1.3.1.2
жанас таужыныстары
0,026
 
1.3.1.3
байыту қалдықтары
0,02
 
1.3.1.4
шлактар, шламдар
0,038
 
1.3.2
Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар
 
 
1.3.3.
күл мен күлшлактар
0,66
 
1.3.4.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы
0,002
 
2.
Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):
 
 
2.1.
Трансуранды
 
0,76
2.2.
Альфа-радиоактивті
 
0,38
2.3.
Бета-радиоактивті
 
0,04
2.4.
Шынақты радиоактивті көздер
 
0,38

      6-1. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 АЕК-ті құрайды.
      7. Мынадай коэффициенттер:
      1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссиялар көлемі үшін табиғи монополиялар субъектілеріне және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдарына төлемақы мөлшерлемелеріне:
      2-тармақта - 0,3 коэффициенті;
      5-тармақта - 0,43 коэффициенті;
      6-тармақтың 1.3.3.-жолында - 0,05 коэффициенті;
      2) тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналатын тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондарға 6-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы мөлшерлемесіне 0,2 коэффиценті қолданылады.
      8. Осы шешімнің 7-тармағында көзделген коэфициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.
      9. Қоршаған ортаға эмиссия үшін белгіленген нормативтерден асатын төлем мөлшерлемелері он есе ұлғаяды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады