"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылға Петропавл қаласы аумағында тұратын нысаналы топтар анықталсын:
1) аз қамтамасыз етілгендер;
2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеталды жастағы адамдар (жасына байланысты зейнетке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне алынған тұлғалар;
14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан тұлғалар.
2. 2016 жылға Петропавл қаласы аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
2) елу жастан асқан тұлғалар;
3) уақытша және маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі өткен тұлғалар;
4) бірде-бір жұмыс істейтін адамы жоқ отбасылардан шыққан тұлғалар;
3. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға жататын нысаналы және қосымша тізбеге енгізілген тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды уақытылы қамтамасыз етсін.
4. Қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қаласының әкімі | М. Тасмағанбетов |