1. Қосымшаға сәйкес Петропавл қаласы әкімдігі кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | М. Тасмағанбетов |
Петропавл қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 974 қаулысына қосымша |
Петропавл қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. "Жекелеген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 860 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2292 болып тіркелді, 2013 жылғы 07 маусымда № 23 "Қызылжар нұры", 2013 жылғы 07 маусымда № 23 "Проспект СК" газеттерінде жарияланған);2. "2016 жылға Петропавл қаласы аумағында тұратын нысаналы тоаптарды анықтау және нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 2358 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3588 болып тіркелді, 2016 жылғы 01 сәуірде № 14 "Қызылжар нұры", 2016 жылғы 01 сәуірде № 14 "Проспект СК" газеттерінде жарияланған);
3. "Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 2436 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3592 болып тіркелді, 2016 жылғы 26 ақпанда № 8 "Қызылжар нұры", 2016 жылғы 26 ақпанда № 9 "Проспект СК" газеттерінде жарияланған).