Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 13.04.2018 № 6-18-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Айыртау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 4-14-4 "Жер салығының ставкаларын жоғарылату туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-3-98 тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырда "Айыртау таңы" газетінде, 2009 жылғы 22 мамырда "Айыртауские зори" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386- бабы 5-тармағына, 387-бабы 1-тармағына, 444-бабы 1-тармағына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
1 - тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"Кодекстің 378, 444-баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, сәйкесінше:
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.