Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 13.04.2018 № 6-18-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386- бабы 5-тармағына, 387-бабы 1-тармағына, 444-бабы 1-тармағына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 25.12.2015 N 5-44-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383 - баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын, сәйкесінше:
1) жеке тұлғаларға ұсынылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) базалық салық мөлшерлемелері;
3) елді мекендердің сыртында орналасқан, өнеркәсіп жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері.
Кодекстің 378, 444 - баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, сәйкесінше:
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.
Ескерту. 1- тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 25.12.2015 N 5-44-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Аудандық мәслихаттың "Жер салығының ставкаларын көбейту туралы" 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 3-23-3 шешімінің (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-3-26, 2006 жылғы 6 қаңтарда “Айыртау таңы” және 2006 жылғы 1 қаңтарда “Айыртауские зори” газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті XIV сессиясының төрағасы |
Л.Амелин |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Қ.Хамзин |