"Жер салығының ставкаларын жоғарылату туралы" Айыртау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 4-14-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы N 5-44-8 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда N 3586 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 6-18-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 13.04.2018 № 6-18-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Айыртау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 4-14-4 "Жер салығының ставкаларын жоғарылату туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-3-98 тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырда "Айыртау таңы" газетінде, 2009 жылғы 22 мамырда "Айыртауские зори" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386- бабы 5-тармағына, 387-бабы 1-тармағына, 444-бабы 1-тармағына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
      1 - тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
      "Кодекстің 378, 444-баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, сәйкесінше:
      Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
      Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық
мәслихатының
XXXXIV сессиясының төрағасы
Н.Сердалин
      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық
мәслихатының хатшысы
Р.Тілеубаева
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
қаржы Министрлігінің
мемлекеттік кірістері
Комитетінің
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша мемлекеттік
кірістер департаментінің
Айыртау ауданы бойынша
мемлекеттік кірістері
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесі
басшысының м.а.
2015 жылғы 25 желтоқсан
И.Алькенов
      "Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының
жер Қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
2015 жылғы 25 желтоқсан
Н.Төребеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады