Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 20.03.2018 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті мемлекеттік басқару құрылымының кейбір мәселелері туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 3204 мемлекеттік тізілімінде тіркелді, 2015 жылғы 26 сәуірдегі "Есіл Өңірі" аудандық газетінде, 2015 жылғы 26 сәуірдегі "Новости Приишимья" аудандық газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
16-тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"9) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау туралы жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізу;";
16-тармақтың 10) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"10) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау туралы жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізу;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Т.Қ. Әбілпеисовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі |
В. Дудов |