Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 03.07.2018 № 26-4 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 13-2 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 28 маусымда № 2299 тіркелген, 2013 жылғы 15 шілдеде "Есіл өңірі", 2013 жылғы 15 шілдеде, "Новости Приишимья" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
6 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Көмекті тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25 күніне дейін қабылданады.
Табысталған құжаттарды қарастыру нәтижесі бойынша уәкілетті орган құжаттарды тапсыру сәтінен он күнтізбелік күн ағымында тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас барту туралы мәлімдеме қабылдайды.".
2. Осы шешім ресми алғашқы жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.