Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 мамырдағы №13-2 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 38-5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 қарашада N 3473 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2018 жылғы 3 шілдедегі № 26-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 03.07.2018 № 26-4 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 13-2 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 28 маусымда № 2299 тіркелген, 2013 жылғы 15 шілдеде "Есіл өңірі", 2013 жылғы 15 шілдеде, "Новости Приишимья" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:

      6 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "6. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Көмекті тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25 күніне дейін қабылданады.

      Табысталған құжаттарды қарастыру нәтижесі бойынша уәкілетті орган құжаттарды тапсыру сәтінен он күнтізбелік күн ағымында тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас барту туралы мәлімдеме қабылдайды.".

      2. Осы шешім ресми алғашқы жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
XХХVІІІ сессиясының төрайымы
И. Гроот
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
хатшысы
Б. Ысқақова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданының "Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
2015 жылғы 30 қазан
Н.Барақаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады