Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа)жеңілдікпен жол жүрулері туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 47/297 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 3525 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің мәтіні бойынша "селосының" деген сөз "ауылының" деген сөзбен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 31.03.2021 № 4/26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 47-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Явленка ауылының меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулеріне құқық берілсін:

      1) бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейінгіні қоса алғанда - тегін жол жүру;

      2) бесінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгіні қоса алғанда - қолданыстағы тарифтің 50 пайызын төлеу түрінде.

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
Есіл ауданы мәслихатының
сессия төрағасы
Г.Аманжолова
      Солтүстік Қазақстан облысының
Есіл ауданы мәслихатының хатшысы
Т.Мұқашев

О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) обучающихся и воспитанников всех организаций образования очной формы обучения

Решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 3 декабря 2015 года № 47/297. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 29 декабря 2015 года № 3525

      Сноска. По тексту решения внесены изменения на казахском языке, текст на русском языке не меняется, решением маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 31.03.2021 № 4/26 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 6,подпунктом 1) пункта 4 статьи 47 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" маслихат Есильского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Предоставить право на льготный проезд на общественном транспорте (кроме такси) обучающимся и воспитанникам всех организаций образования очной формы обучения села Явленка, независимо от форм собственности и ведомственной подчиненности:

      1) с первого по четвертый классы включительно – бесплатный проезд;

      2) с пятого по одиннадцатый классы включительно – в виде оплаты 50 процентов от действующего тарифа.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии маслихата
Есильского района
Северо-Казахстанской области
Г.Аманжолова
      Секретарь маслихата
Есильского района
Северо-Казахстанской области
Т.Мукашев