Ескерту. Шешімнің мәтіні бойынша "селосының" деген сөз "ауылының" деген сөзбен ауыстырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 31.03.2021 № 4/26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 47-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Явленка ауылының меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулеріне құқық берілсін:
1) бірінші сыныптан төртінші сыныпқа дейінгіні қоса алғанда - тегін жол жүру;
2) бесінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгіні қоса алғанда - қолданыстағы тарифтің 50 пайызын төлеу түрінде.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы мәслихатының сессия төрағасы |
Г.Аманжолова |
Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы мәслихатының хатшысы |
Т.Мұқашев |