"Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 22 қаңтардағы № 19 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде 2015 жылдың 09 ақпанында 3100 нөмірімен тіркелді, "Ауыл арайы" газетінің 2015 жылдың 27 ақпанындағы 9 нөмірінде мемлекеттік тілде, "Сельская новь" газетінің 2015 жылдың 27 ақпанындағы 9 нөмірінде орыс тілінде жарияланды) келесі өзгертулер енгізілсін:
осы нұсқалған қаулымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіндегі (ілгеріде-Ереже):
Ереженің 16-тармағы 9) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"9) жергілікті атқарушы органдарға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау туралы ұсыныс енгізу;";
Ереженің 16-тармағы 10) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"10) жергілікті атқарушы органдарға ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы ұсыныс енгізу;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі |
И. Турков |