Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 25.04.2016 N 2/1 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының
6-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодекстің 378-бабымен белгіленген, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы |
Г. Елубаева |
Солтүстік Қазақстан облысы |
А. Молдахметова |
"КЕЛІСІЛДІ" |
А. Нұртазин |