Қызылжар ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі N 2/1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 мамырда N 3759 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 24/18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 07.03.2018 № 24/18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378, 444-баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, соған сәйкес:
      1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері;
      2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.
      2. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 37/2 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2015 жылғы 22 маусымдағы №3279 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымдағы "Қызылжар", "Маяк" газеттерінде жарияланған).
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Н. Рақымов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Молдахметова
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Солтүстік Қазақстан
облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің
Қызылжар ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер
басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
2016 жылғы 25 сәуір
Ж. Батырбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады