"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2015 жылға мектепке дейінгі тәрбиелеуге және оқытуға, жан басына шаққан қаржыландыру мен ата-аналардың төлемақы мөлшеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 703 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 ақпандағы № 3094 тіркелген, 2015 жылғы 20 ақпандағы "Тайынша таңы" және 2015 жылғы 20 ақпандағы "Тайыншинские вести" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбиелеуге және оқытуға, жан басына шаққан қаржыландыру мен ата-аналардың төлемақы мөлшеріне қоса берілген мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі |
Е. Иманслям |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 390 қаулысына қосымша |