2015 жылға мектепке дейінгі тәрбиелеуге және оқытуға, жан басына шаққан қаржыландыру мен ата-аналардың төлемақы мөлшеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 703 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 ақпанда N 3094 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппаратының 2016 жылғы 5 қаңтардағы N 12.1.7-1/02 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппаратының 5.01.2016 N 12.1.7-1/02 хаты).
      "Білім беру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбиелеуге және оқытуға, жан басына шаққан қаржыландыру мен ата-аналардың төлемақы мөлшеріне қоса берілген мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі С. Салтықов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 703 қаулысымен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбиелеуге және оқытуға, жан басына шаққан қаржыландыру мен ата-аналардың төлемақы мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 04.09.2015 N 390 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).


Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (аудан, қала)
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)
1
2
3
4
5
1
Тайынша ауданының мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуді республикалық бюджет трансферттері есебінен қаржыландырылады
475
16203,0
7100
2
Тайынша ауданының мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуді жергілікті бюджет трансферттері есебінен қаржыландырылады
1014
11459,8
7700

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады