"2015 жылға мектепке дейінгі тәрбиелеуге және оқытуға, жан басына шаққан қаржыландыру мен ата-аналардың төлемақы мөлшеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 703 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 390 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 қыркүйекте N 3392 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппаратының 2016 жылғы 5 қаңтардағы N 12.1.7-1/02 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппаратының 5.01.2016 N 12.1.7-1/02 хаты).
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. "2015 жылға мектепке дейінгі тәрбиелеуге және оқытуға, жан басына шаққан қаржыландыру мен ата-аналардың төлемақы мөлшеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Тайынша ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 703 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 ақпандағы № 3094 тіркелген, 2015 жылғы 20 ақпандағы "Тайынша таңы" және 2015 жылғы 20 ақпандағы "Тайыншинские вести" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбиелеуге және оқытуға, жан басына шаққан қаржыландыру мен ата-аналардың төлемақы мөлшеріне қоса берілген мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының әкімі
Е. Иманслям

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 390 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбиелеуге және оқытуға, жан басына шаққан қаржыландыру мен ата-аналардың төлемақы мөлшері


Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (аудан, қала)
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)
1
2
3
4
5
1
Тайынша ауданының мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуді республикалық бюджет трансферттері есебінен қаржыландырылады
475
16203,0
7100
2
Тайынша ауданының мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуді жергілікті бюджет трансферттері есебінен қаржыландырылады
1014
11459,8
7700

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады