"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында тұратын нысаналы топтар анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы балалар үйлерінің тәрбиенушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 02.02.2016 N 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. 2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі белгіленсін:
1) алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 02.02.2016 N 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
2) елу жастан асқан жұмыссыз адамдар;
3) он екі айдан астам жұмыс істемейтін адамдар;
4) мүлдем жұмыс істейтін бір адамы жоқ отбасылардағы адамдар;
5) толық емес жұмыс күні тәртібінде жұмыс істейтін, босатылған адамдар;
6) Өз еркі бойынша жұмыстан босатылған адамдар;
7) уақытша және маусымды жұмыстарға қатысқан адамдар;
8) техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері (аяқтағаннан кейінгі үш жылдың ішінде).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі |
Е. Иманслям |